Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Түркияға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Түркияға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Түркия президенті Ердоғанмен келіссөздер өткізу үшін Анкараға келді", - делінген хабарламада.
Түркия президентінің сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Президенті Ердоғанмен келіссөздер жүргізіп, екі ел президенттерінің баспасөз конференциясын өткізуі мүмкін екені айтылады.
"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Ердоғанның шақыртуымен 5 тамызда Түркияға барады. Сапар барысында президенттер жеке сөйлеседі, сонымен қатар делегация құрамымен келіссөздер жүргізіледі. Біздің стратегиялық серігіміз Қазақстанмен әріптестікті барлық салада кеңейту талқыланады, сонымен қатар Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің қызметі сөз болады", - делінген түрік лидерінің әкімшілігінің мәлімдемесінде.