Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Астананың ребрендингі мәселесін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Астананың ребрендингі мәселесін айтты © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елдің индустриялық-инновациялық дамуының мән-маңызы, мемлекеттің экономикадағы рөліне қатысты сауалдарға жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері ынтымақтастығының келешегі, ЕАЭО-ның басқа да мемлекетаралық экономикалық бірлестіктермен және жекелеген елдермен өзара іс-қимылының ықтимал перспективалары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан елордасының ребрендингі, республикада жастардың білім деңгейін арттыру, білім беру үрдісіндегі үштілділіктің маңыздылығы жөніндегі мәселелерге тоқталды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы терроризм мен экстремизмді болдырмауға қатысты ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ортақ ұстанымының өзектілігін атап өтті.

Сұхбат соңында Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына шығармашылық табыс, ал көршілес елдер азаматтарына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети