Назарбаев Руанда президентімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Руанда президентімен кездесті © Akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Руанда президенті Поль Кагамемен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Руанда президенті Поль Кагамемен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер талқыланды. Қазақстан Президенті екі елдің бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, өзара ықпалдастықты жолға қою маңызды екенін айтты.

"Біз, салыстырмалы түрде алсақ, Африка мемлекеттерімен енді ғана қарым-қатынас орнатып жатқан жас ел болып саналамыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Кагаменің өз елінде бейбітшілік орнату үшін елеулі күш-жігер жұмсағанына да назар аударды. "Руанда халқы сұмдық геноцидті бастан өткерді, Сіз оған тоқтау сала алдыңыз және бүгінде республиканы дамыту үшін көп нәрсе жасап жатырсыз", - деді Қазақстан Президенті.

Руанда Президенті өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети