Назарбаев Сағынтаевқа: Медициналық қызмет көрсету нашарлады, білім алу қымбаттап барады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Үкіметтің 2018 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келе жатқанына қарамастан, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар тұрғындарды толық қамтымай отырғанын айтты.

"Бірінші жартыжылдық аяқталды. Көрсеткіштер өсіп келеді. Жалпы, халықтың әл-ауқаты жақсы. Біз индустриялық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағдарламалар қабылдадық. Алайда, жергілікті атқарушы органдар мен министрліктер оларды толық орындамай отыр, бекітілген бағдарламалар өңірлерге жетпей жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өскеніне және еліміздегі жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының қымбаттағанына тоқталып, медициналық қызмет пен білім сапасының төмендеп бара жатқанын атап өтті. 

"Коммуналдық қызметтердің бағасы өсті. Медициналық қызмет көрсету нашарлады. Білім алу қымбаттап барады. Жастар біздің университеттердегі білім сапасының төмендігіне байланысты Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдайтын болды. Біздің қоғамда осындай проблемалар жиі көтерілуде", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлін арттыру, сондай-ақ кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.      

Нұрсұлтан Назарбаев "Бес әлеуметтік бастаманы" және инфрақұрылымдық даму бағдарламасын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірлерде жол салу мәселесіне де назар аударды. 

Соңында Қазақстан Президенті Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың сапалы  орындалуын қамтамасыз етуді және олардың жүзеге асырылуына мұқият бақылау жасауды тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro