Назарбаев Сағынтаев жайлы: Адал әрі тәжірибелі адам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Сағынтаев жайлы: Адал әрі тәжірибелі адам © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістің жалпы отырысында бұрынғы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістің жалпы отырысында бұрынғы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жалғасы

Мемлекет басшысы үкіметтің қиын жағдайларда экономиканы дамытуға үлес қосқанын айтып, үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді.

"Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жайлы бөлек айтып өтейін. Ол осыған дейін Павлодар облысы әкімі, экономика министрі, вице-премьер және бірінші вице-премьер қызметтерінде өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол адал, ақ ниетті, тәжірибелі адам. Басқа салаларда да еңбек ете алады. Алайда белгілі бір министрліктер жіберген қателіктердің салдарынан, әсіресе әлеуметтік саладағы министрліктегілердің қателіктерінен үкімет отставкаға кетті", - деді Президент.

© akorda.kz

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы саяси жаңғыртудың нәтижелеріне тоқталып өтті.

"Үкіметке барлық қажетті өкілеттік берілді, олар енді халық алдындағы міндеттерін дұрыс орындауы керек, әрекеттері үшін жауапты болуы тиіс. Барлық деңгейдегі әкімдер де осындай жауапкершілік тартады. Олар халықтың өтініштеріне тез арада жауап беріп отыруы керек, ең бастысы қажетті шараларды қабылдауы қажет", - деді Назарбаев.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Парламенттің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатын ұйымдастырудағы рөлін атап өтті.


© akorda.kz

Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды

Еске салайық, 21 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отставкаға кетуі тиіс деген мәлімдеме жасаған болатын. "Мен "Нұр Отан" партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынамын. Бұған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады", - деген еді Мемлекет басшысы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети