Назарбаев сайлауға өзін-өзі ұсынушылар жөнінде мәлімет алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев сайлауға өзін-өзі ұсынушылар жөнінде мәлімет алды ©Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс сайлауға өзін-өзі ұсынушылар туралы естіп білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс сайлауға өзін-өзі ұсынушылар туралы естіп білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Лингвистика комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков қазақ тілі емтиханынан соң Президентке өзінің кейбір идеяларын айтқанын хабарлады. "Назарбаев қазақ тілі емтиханынан осымен төртінші рет өтіп отыр. Бұл - парадокс. Өзгерту енгізу керек - егер ол үш рет қатарынан сәтті тапсырса, одан неге емтихан аламыз?" - деді Жолдасбеков. Еске салайық, комиссия Назарбаев қазақ тілін жетік меңгерген деген қорытындыға келген болатын. 

"Емтиханды аяқтап, кандидат Назарбаев тілді жоғары дәрежеде меңгерген деген шешім қабылдаған кезде, біз онымен әңгімелестік. Мен оған кейбір ойларымды айттым. Неге президенттікке кандидаттар медициналық анықтама тапсырмайды? Меніңше, президенттің дені сау болуы керек. Ол бұл жөнінде ойлану керектігін айтты. Екіншісі - өзін-өзі ұсынушылар тым көп. Олардың бәрі - жұмыссыздар, кейбір жағдайда менің күмәнім туады. Келешек президенттің мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл тәжірибесі болуы керек. Ол қазақстандықтардың атынан сөйлеуі керек. Назарбаев "бізде өзін-өзі ұсынушылар көп пе?" деп сұрады. Мен "иә" дедім. Ол айтты: Ойлану керек. Назарбаев "шынымен де, қызық, ойлану қажет" деді", - деді Жолдасбеков. 

Жолдасбеков президенттікке үміткер адам жоғары білімді азамат болуы керектігін айтты, себебі орта білімі бар ниет білдірушілер келіп жататын кездер болады. 

Еске салайық, "Нұр Отан" партиясының XVI съезінің қорытындысы бойынша делегаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде сайлауға түсуге ұсынылған еді. Ал сайлау науқаны барысында ел басқаруға ниет білдіргендердің арасында жүргізуші, әскери қызметші, май құю бекеті қожайыны және басқа да адамдар болды. Бірақ сайлауға қатысуға ниет білдіргендердің ішінен тек өзін-өзі ұсынушы Лимана Қойшиева, ҚКХП атынан үміткер Тұрғын Сыздықов және "Нұр Отан" атынан үміткер Нұрсұлтан Назарбаев қана лингвистика комиссиясы тапсырмаларынан сүрінбей өтіп отыр.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети