Назарбаев Шәкен Ниязбековтің отбасына, жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Шәкен Ниязбековтің отбасына, жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады tengrinews © мұрағатынан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ өнерінің көрнекті өкілі, суретші Шәкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев жеделхатта Шәкен Ниязбековтің отандық көркем өнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екендігіне тоқталған.

"Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы болуы - өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі"  делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы суретшінің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалатынын атап өткен.

Шәкен Ниязбеков 76 жасқа қараған шағында өзінің пәтерінде 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні қайтыс болған. Қоғам қайраткерімен қоштасу рәсімі 18 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети