Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Elbasy.kz © Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жиында кеңес шешімдерінің орындалу нәтижелері бойынша баяндамалар тыңдалып, Қордың болашақ инвестициялық жобаларының бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Сәтқалиевтің ақпаратын тыңдай келе, Қор жұмысына оң баға берді. Дүниежүзілік дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсеріне қарамастан, Қор 2020 жылды табысты аяқтағаны айтылды.

Кеңес мүшелері "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясының сатып алу кезіндегі жергілікті үлесті арттыруға бағытталған тәсілдеріне, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларына қолдау білдірді. Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы пандемия жағдайында Үкімет ұлттық экономиканы қолдау үшін барлық тетіктерді белсенді әрі тиімді пайдаланып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар кеңес барысында "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы басшыларының есебі тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro