Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында сауда-экономика, қаржы-инвестиция, мұнай химиясы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Қазақстанға тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
Екі елдің түрлі саладағы жемісті ықпалдастығына назар аударған Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты.
Қазақстан Президенті сондай-ақ екі елдің ұзақмерзімді даму стратегияларында белгіленген стратегиялық мақсаттардың ұқсастығын айтты.
Ә. әл-Жубейр Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, ол біздің елдің ислам әлемін өркендетудегі елеулі рөліне назар аударды.