Назарбаев сайлау жөнінде: Менің жеке жоспарым басқа еді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев сайлау жөнінде: Менің жеке жоспарым басқа еді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әйелдерімен кездесу барысында. ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президенттік сайлау өз жоспарына кірмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президенттік сайлау өз жоспарына кірмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір сайлауалды науқан басталды. Кезектен тыс сайлау өткізу идеясын, негізінен, әйелдер қолдады. Мен бүгінде мыңдаған хат алып жатырмын. Бүгін таңертең үстелімде бір бума хат жатты, хат иелері менен сайлауға өз кандидатурамды ұсынуды сұраған. Менің жеке жоспарым мүлдем басқа болатын, шынымды айтсам", - деді Назарбаев Ақордада Қазақстан әйелдерімен кездесу барысында. 

Мемлекет басшысы Қазақстанды көп жылдан бері басқарып келе жатқанына тоқталды. "Мен Тәуелсіздіктің бастауында тұрдым. Мүмкін, театрда айтатындай, декорацияны ауыстыратын кез келген шығар. Сингапурдың негізін қалаушы биліктен кеткенде, "неге кеттіңіз?" деп сұрадым. Ол "мен 31 жыл ел басқардым, соңғы кездері өзімді теледидардан қараған кезде, өзіме-өзім ұнамай қалдым. Мен айттым: "мүмкін, теледидар дұрыс көрсетпеген шығар?". Менде де сондай жоспар болды. Бірақ қазір халық сондай ниет білдіріп, құлшыныс, ауызбіршілік танытып жатыр. Бүгінде маған ары қарай не істеуі керектігі жөнінде Сіздермен ақылдасуға мүмкіндігім бар", - деді Мемлекет басшысы кездесуге келген әйелдерге. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети