Назарбаев шенеуніктерге ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев шенеуніктерге ескерту жасады Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен жиынында сөз сөйлей отырып, шенеуніктерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 25 наурызда Парламенттің VI шақырылымының алғашқы сессиясы ашылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен жиынында сөз сөйлей отырып, шенеуніктерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 25 наурызда Парламенттің VI шақырылымының алғашқы сессиясы ашылды.

Ол үш жыл бұрын қабылданған мемлекеттік салмақталған шешімдерсіз және жаңа заңдарсыз, стратегиялық бағдарламаларсыз жағдайдың күрделі болуы мүмкін екендігін айтты. Назарбаев жаңа реформалардың арқасында командалық орын ауыстырулар тоқтатылды. Мәселен, 2015 жылдың 3 айында 1722 шенеунік ауыстырылды, ал биыл - 90 адам. 

Мемлекет басшысы бес институционалдық реформа жайлы айта келе жергілікті полиция қызметінің ашылғанын еске салды.  

"Мен қазір баяндап тұрған бес институционалдық реформа бойынша. Жасалған шаруалар жайлы әр комиссияда біліп отырамын. Шенеуніктердің "100 қадамнан" кейбір мәселелерді тоқтатқысы келетін ниетін байқап отырмын, ештеңе өзгертілмеуі керек, жергілікті шенеуніктердің кейбірінің жеке мақсатына қатысты өзгеріске түспеуі керек. Жауапты тұлғаларды тағы да ескертемін", - деп атап өтті Назарбаев сайланған депутаттарға.

24 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Мәжілістің VI шақырылымдағы жаңа құрамын бекіткен болатын. Осыған дейін "Нұр Отан" партиясының атынан 84 мәжілісменнің аты-жөндері аталған еді. Сонымен қатар, Қазақстан коммунистік партиясынан жеті адам және "Ақ жол" партиясынан жеті адам бекітілген болатын. 21 наурызда ҚХА-дан тоғыз депутат таңдалған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети