14 қазан 2016 15:54

Назарбаев Сербиямен салық салу туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Alau.kz © Alau.kz

Нұрсұлтан Назарбаев салық салу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев салық салу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген таратылған хабарламада.

Конвенция халықаралық екі жақты келісім болып келді және қосарланған салық салуды болдырмауға бағытталған. Тараптар салық төлеушіге салықты мемлекеттердің бірінде ғана төлеуге мүмкіндік береді. Екінші мемлекет оған салықтың төленген соммасын есепке алады немесе өзге мемлекетте төленген салық соммасын салынтын салық бөлігінен алып тастайды.

Құжаттағы тәртіп бойынша үлеспайда, пайыз бен роялтиге, табыс табылған мемлекетте төмендетілген бағамен салық салынуы қарастырылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети