07 қыркүйек 2015 | 15:07

Назарбаев шаруаларға: "Колхозшы" болып жүруді доғару қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев шаруаларға "колхозшы болып жүруді" қойып, шаруашылықты сәтті дамыту үлгісін көрсетуді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев шаруаларға "колхозшы болып жүруді" қойып, шаруашылықты сәтті дамыту үлгісін көрсетуді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егістік алқабында өткізген кеңейтілген отырыс барысында жасады, ол үш облыстың әкімімен кездесті.

Жиын-терім науқаны басталып кеткен бұл өңірдегі жұмыс сапары барысында Президент Қазақстан тәуілсіздігін алғанға дейін шаруалардың қалай жұмыс істегендерін есіне түсірді. "Қазақстанның абыройы өсті. Бұрын (Кеңес заманында - Авт.) барлығы сұрайтын: нан өндірушілердің өздері сұрайтын, ал Мәскеуден нан сұрайтын. Ал қазақстандық бидайды экспорттау түске де кірмейтін, арман да болмайтын. Ал енді Қазақстан әлемдегі ең ірі бидай экспорттаушылардың бірі ретінде танымал. Бірақ бұл аз. Алға жылжып, шаруашылықпен айналысу керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін өндіріс қарқынын ұлғайтуға шақырды. "Заманауи шаруашылықта бағаны (өнімнің) қалай көтеру керек? Барлығыңыз да есептей аласыздар: қанша тауық, қанша жұмыртқа, сүт, ет, қанша егілді немесе ол қанша тұрады. Сондықтан "колхозшы" болып жүргендеріңіз жетеді. Сіздер "колхозшы" емессіздер. Бізді өкпелетті ме? "Колхозшы" деген - өкпелететін сөз. Сіздер бұрыннан өндіруші, тауар өндірушілерсіздер. Ауылда ауыл шаруашылығы университеттерінің білімімен барлығы бірдей білімді жастар отыр", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, ол шаруаларға "ненің қайда болып жатқанына белсенді түрде араласып, жақсы үлгі көрсетуге" шақырды. Президент "еліміздің әр өңірінде үздік шаруашылық үлгісінің бар екенін" айтты.

Назарбаев сондай-ақ, еліміздің экономикасында қиындықтардың бар екенін биліктің жасырмайтынын жеткізді. Назарбаев дағдарыстың ерте ме, кеш пе аяқталатынын айтты. "Еліміз халықты қамсыздандыру үшін барлығын істеп жатыр", - деп мәлімдеді Президент.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети