23 мамыр 2016 10:45

Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен осы аптада өтетін іс-шаралардың аңдатпасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен осы аптада өтетін іс-шаралардың аңдатпасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 мамырда Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы аясында елімізге Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясына қатысу үшін келетін Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізеді.  

"25 мамырда Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының негізгі даму бағыттарын, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктің басымдықтарын пайдалану және еліміздің халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету қадамдарын талқылау үшін Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездеседі.

26 мамырда Нұрсұлтан Назарбаевтың IX Астана экономикалық форумына қатысуы және "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің мүшелерімен, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаттарымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізуі жоспарланған", - делінген хабарламада.

27 мамырда Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысын өткізу жоспарланған. Оның аясында Кеңес мүшелерімен - трансұлттық ірі компаниялардың басшыларымен жекелеген кездесулер өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети