Назарбаев Шеварднадзенің отбасына көңіл айтты

07 Шілде 2014, 23:50
0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзенің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеделхатта Эдуард Амвросиевич Шеварднадзенің дүние салғаны туралы қаралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған. Мемлекет басшысы Грузияның экс-президентінің туған-туыстарына шын көңілден қайғыра көңіл айтып, Эдуард Шеварднадзенің грузин халқының өз Отанының игілігі үшін орасан көп іс атқарған аса көрнекті өкілі, көреген саясаткер болғанын атап өткен.

"Кәсіпқойлығы және ісіне адалдығы, тамаша адамгершілік қасиеттері оны өзін білетіндердің баршасының шынайы құрметіне бөледі. Эдуард Шеварднадзенің жарқын бейнесі әрдайым біздің жүрегімізде сақталады", – делінген жеделхатта.

Шеварднадзе 7 шілде күні ұзаққа созылған дертінің салдарынан қайтыс болды. Грузин бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, экс-президент өзі өмірінің соңғы жылдарын өткізген Крцаниси резиденциясына, әйелінің қабірінің жанына жерленуі мүмкін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай