Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысының орынбасарлары Ерболат Досаев пен Өмірзақ Шөкеевке "үй тапсырмасын" берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысының орынбасарлары Ерболат Досаев пен Өмірзақ Шөкеевке "үй тапсырмасын" берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен бірнеше рет айттым, экономика бойынша сен де ескер (Досаевқа айтқаны - Авт.). Біз көп азық-түлікті кіргіземіз, ет, балық, шұжық, жеміс пен көкөніс - өзімізде барын сырттан аламыз. Нанды да сырттан алатын шығармыз (Шөкеевке қаратып - автор.)? Міне, екеуіңе үй тапсырмасы. 100 пайыз қамтамасыз ету мүмкін емесін түсінемін, бірақ, ұйымдасқан түрде айналысу керек", - деді Елбасы.
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астананы ары қарай дамыту мәселелері бойынша жиын өтіп жатыр.