1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев Шот-Аман Уәлихановтың отбасына көңіл айтты 31 наурыз 2021, 18:27

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шот-Аман Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шот-Аман Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті сәулетші, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, егемен еліміздің елтаңбасы авторының бірі Шот-Аман Уәлихановтың өмірден өткені туралы суыт хабарды үлкен күйзеліспен қабылдап, орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Шот-Аман Ыдырысұлы сан қырлы дарыны мен биік парасаты, еселі еңбегі арқылы ұлттық сәулет өнерінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға еді. Азаттықтың бесігі болған Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументін сомдаған шығармашылық топ жетекшісі, сондай-ақ көптеген еңселі ескерткіштер мен көрікті ғимараттардың авторы ретінде ел мәдениетінің дамуына атсалысты. Талантты шәкірттер тәрбиелеп, соңына бірқатар ғылыми-зерттеу еңбектерін қалдырды.

Алаш жұртының құрметіне бөленген абзал азаматтың жарқын бейнесі халық жадында әрдайым сақталады деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging