13 ақпан 2017 | 20:18

Назарбаев Шымкентті миллионнан аса тұрғыны бар қала етуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентті миллионнан аса тұрғыны бар қала етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Ақордада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесу барысында осындай тапсырма берді.   


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентті миллионнан аса тұрғыны бар қала етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Ақордада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесу барысында осындай тапсырма берді.   

Кездесу барысында Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына облыстың биылғы перспективалары, сондай-ақ өңірдің 2021 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы баяндады.

Елбасы өңірдің салық түсімдері көрсеткішінің төмен екенін, өңірдің республика бойынша мейлінше дотациялы болып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еңбек нарығын реттеу саласындағы жұмыссыздық мәселелеріне назар аударды.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың үлесі жоғары. Оңтүстік Қазақстан үшін жұмыссыздық пен халықтың көші-қон мәселесі әрқашан өзекті болып қала бермек. Бұл мәселелерді шешу үшін шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Шымкенттің таяу келешекте тұрғындарының саны бір миллион адамнан асатын қалаға айналатынын атап өтті.

Облыс әкімі Елбасыға "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді аймақ тұрғындары жан-жақты қолдап отырғаны туралы мәлімдеді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев облыс өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларын дамыту, инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде міндеттерді орындауға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети