29 қыркүйек 2018 | 13:36

Назарбаев шымкенттіктердің еңбекқорлығы - қаланы дамытудың кепілі екенін айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жұмыспен қамту орталығы, Көші-қон қызметі және Азаматтардың хал актілерін жазу бөлімі (АХАЖ) орналасқан әлеуметтік қызмет көрсету орталығын аралап көрді, -деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жұмыспен қамту орталығы, Көші-қон қызметі және Азаматтардың хал актілерін жазу бөлімі (АХАЖ) орналасқан әлеуметтік қызмет көрсету орталығын аралап көрді, -деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Орталық қала тұрғындарымен қатар шетелдік инвесторлар үшін цифрлық форматта мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған.

Қазақстан Президентіне экономиканың түрлі секторларын, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік және қауіпсіздік салаларын цифрландыру жобаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды.

Баяндаманы тыңдаған соң Нұрсұлтан Назарбаев халыққа мемлекеттік қызмет көрсету ісінің сапасын арттыру және жеделдету үшін цифрландыру бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды екенін ерекше атап өтті.

"Шымкент ірі мегаполиске айналады. Мұнда жаңа жобалар іске асырылуда. Шымкенттіктердің еңбекқорлығы - қаланы дамытудың кепілі. Жұмыстың ең маңызды бағыты - шағын және орта бизнес. Оны дамыту үшін тиісті қолдау көрсету қажет", - деді Қазақстан Президенті. 

Қазақстан Президенті мегаполистің тұрғын үй құрылысының және әлеуметтік инфрақұрылымының жоспарымен танысты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қала нысандарының құрылысы және қайта жөндеу жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети