12 қыркүйек 2014 | 14:03

Назарбаев ШЫҰ елдеріндегі шекара мәселесін шешуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Душанбедегі "Навруз"  сарайында. ©РИА Новости ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Душанбедегі "Навруз" сарайында. ©РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының кейбір елдері арасындағы шекара мәселелерін шешуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының кейбір елдері арасындағы шекара мәселелерін шешуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы барысында Қазақстан Президенті әлемдегі тұрақсыз геосаяси және геоэкономикалық ахуал жағдайында ШЫҰ ұйымы үшін басымдығы бар міндет саналатын бірқатар өзекті мәселелерді айқындап берді. 

"Мемлекет басшысы негізгі мәселелердің бірі ретінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы шешілмеген шекара проблемаларын атады. Ол сенім шараларын нығайтуды және шекара ауданында қарулы күштерді қысқартуды қарастыратын ШЫҰ-ның Шанхай және Мәскеу келісімдері секілді базалық құжаттар ережелерін сақтаудың айрықша маңыздылығына назар аударды", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі саналатынын да айтты.

"Сарапшылардың болжауынша, 2050 жылға қарай Жер жүзінің халқы 9 миллиардқа жетеді. Сонымен бір мезгілде таяу 10 жылда ауа райының ауытқуы салдарынан азық-түлік өндірісінің көлемі қысқарады. Мұндай беталыс Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін құру және соған сәйкес Ынтымақтастық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстанның бастамасын талқылауды жаңғырту қажеттігін көрсетеді", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті су тапшылығы мәселесі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке ықпал ететін салмақты проблема екендігіне тоқталды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан ұсынып отырған Су комитетін құру осы мәселені шешу бағытындағы ынтымақтастықтың іс жүзіндегі тетігіне айналуы мүмкіндігін айтты.

Сөз соңында Мемлекет басшысы отырысқа қатысушылардың назарын ШЫҰ аясындағы бірқатар мәселелерге аударды. Соның ішінде Елбасы ШЫҰ басымдықтарының жекелеген қатысушы-мемлекеттердің ұлттық мүдделерімен сәйкеспеуі салдарынан жүзеге асуы тежеліп отырған жобалар мен бастамаларды, сондай-ақ бірқатар маңызды экономикалық жобалардың ілгерілеуін қиындатып отырған қаржылық ресурстардың жоқтығын атады. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинді ШЫҰ-ға алдағы төрағалық етуімен құттықтап, оған жемісті еңбек тіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети