09 маусым 2017 | 14:57

Назарбаев ШЫҰ-ның жаңа форматта жұмыс істейтінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанадағы ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан саммиттегі басты оқиға Үндістан мен Пәкістанның осы ұйымға мүше болуы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тәуелсіздік сарайынан.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан саммиттегі басты оқиға Үндістан мен Пәкістанның осы ұйымға мүше болуы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тәуелсіздік сарайынан.

Айта кетейік, Үндістан мен Пәкістан бүгінге дейін ШЫҰ бақылаушылары болып келді. Ал бүгін мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның жаңа форматта жұмыс істейтінін мәлімдеді.

"Осыдан 12 жыл бұрын Астанада екі елге - Үндістан мен Пәкістан Республикасына ШЫҰ бақылаушылары болатыны жайлы құжатқа қол қойылғаны бір белгіні білдіреді. Отырысымыздың маңыздылығы - осы елдердің біздің ұйымға кіріп, ұйымның кеңейіп жатқандығында. Енді ШЫҰ үш миллиардтан аса адамға жауап береді. Осылайша, біздің ұйым жаңа форматқа Шанхайлық сегіздікке өтеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Саммиттің ашылу салтанаты барысында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларының осы отырысы ұйымның тарихында жаңа кезеңге өтуіне жол ашатынын айтты.

"Бұл отырыс осы алты тараппен соңғы рет өтіп жатыр. Бүгін біз Индия Республикасына және Пәкістан Республикасына ШЫҰ-ға мүше болатын статусты бердік. Жаңа мүшелерді қабылдау процесі ұйымның дамуына зор үлесін тигізеді және ұйымның халықаралық деңгейде өсуіне көмектеседі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, жақында Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Үндістан мен Пәкістанның премьер-министрлерімен кездескен болатын. 

"Мен сіздердің EXPO көрмесінің ашылу салтанатына және ШЫҰ саммитіне қатысып жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын", - деген болатын Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанның ШЫҰ-ға кіруін айта отырып, ұйымға мықты елдердің қосылып жатқанын айтып өтті.

"Үндістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылу процесі 12 жыл бұрын басталды. Ал ертең Үндістан осы ұйымның толық құқылы мүшесі болады. Үндістан сияқты мықты ел біздің қатарымызда болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанның премьер-министрімен кездесу барысында.


© akorda.kz

Кешке жақын саммиттің барлық қатысушысы EXPO-2017 халықаралық көрменің ашылу салтанатының қонақтары болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети