Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

13 Тамыз 2015, 16:45
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Тяньцзинь қаласындағы химия зауытында болған жарылысқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта химия зауытындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. 

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, жеке өзінің және барша Қазақстан халқының атынан ҚХР Төрағасына, сондай-ақ қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Соңында Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Еске сала кетейік, Қытайдың Тяньцзинь қаласында болған жарылыстардан қаза тапқандардың саны 42-ге жетті және 400 адам жарақат алған болатын. 12 тамызда кешкі уақытта логистикалық компанияның контейнер терминалында 30 секунд ішінде екі жарылыс болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс толқыны ондаған шақырымнан сезілді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай