Назарбаев: Сіздер министр емес, қорқақсыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Сіздер министр емес, қорқақсыздар © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегілерді батылсыздығы үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегілерді батылсыздығы үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы бұл туралы Астанада өтіп жатқан кеңейтілген отырыста айтты.

"Қаржы жүйесі... Банктер ашылады. Адамдар сенеді, ақшасын әкеледі. Онда квазимемлекеттік сектор ақшасын салады, ал кейін акционерлер ол ақшаны жымқыра бастайды. Қашып кетеді, сосын біз солардың соңынан жүреміз... Данияр (Ақышев, Ұлттық банк басшысы - автор), басыңмен жауап бересің. Акционерлердің ақша ұрламауын бақылап отыру қажет. Біз мұнда не үшін отырмыз? Экономикамызды банкроттан тазартпағанша, ештеңе де дұрыс дамымайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"(…) Банкроттық институты нарықтық елдерде ең көп кездеседі. Сендер үкіметтегілер немесе министрлер емессіздер, сіздер қорқақсыздар. Шешім қабылдағанда аяқ-қолдарыңыз дірілдейді. Онда не үшін жұмыс істеп жүрсіздер?", - деді Президент.

"Барлық банкті тазартып беріңіздерші, сонда үкімет өзінің қызметін адал атқарды деп санаймын. Содан кейін отставкаға кетіңіздер. Сонда ғана жұмыс болады", - деді Назарбаев.

"Қолды сермеп қана отырамыз, нақты жұмыс жоқ. Премьер-министр осы мәселемен жеке айналыссын. Осы мәселе шешілсін. "Жұмыстан кету" жайлы жай айттым. Кетпеңіздер, жұмыс істеңіздер, баяндап отырыңыздар", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети