Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында тұтас жиһаз жасаудың технологиялық үдерісімен танысты.
"Қазақстан Президентіне кәсіпорынның қазіргі қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәлімет ұсынылып, өндіріс ауқымын ұлғайту және дайын өнім тізбесін кеңейту жоспары жөнінде баяндалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ, фабриканы аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, соның ішінде өнеркәсіп секторының, шағын және орта бизнестің қазіргі ахуалы мен перспективалары жөнінде баяндалды.
"Бұдан бөлек, кәсіпорын аумағында Мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, фин технологиясы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін жаңғырту, ірі қара мен ұсақ малдың терісін өңдеу, нан және макарон өнімдерін өндіру, химия өндірісі, дизель отынының компоненттерін гидротазалау жөніндегі жобалар бар", - делінген Ақорданың сайтында.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының "Жайық Агро LTD" ЖШС ауытына барғаны айтылады. Елбасы тауық етін өндіруге және дайындауға маманданған "Жайық Агро LTD" ЖШС тамақ кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты және дайын өнімнің сатылуы жөнінде мәлімет ұсынылды.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа "Мясодел" және "Кублей" брендтерінің ет өнімдерін дайындаумен және өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың жұмыстары туралы баяндалды.