ҚР Президенті Қазақстан Олимпиада құрамасының мүшелерімен кездесуде әрбір қатысушыға теледидар алдында тілектес болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Ақордада спортшылармен кездесу кезінде айтты.
ҚР Президенті Қазақстан Олимпиада құрамасының мүшелерімен кездесуде әрбір қатысушыға теледидар алдында тілектес болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Ақордада спортшылармен кездесу кезінде айтты.
"(...) Мұның барлығы қиын жағдайда өтіп жатыр. Сіздер Бразилиядағы және жалпы әлемдегі жағдайды біліп отырсыздар. Допингке қарсы өтіп жатқан шаралар көбісіне түсініксіз болып жатыр. Олардың қаншалықты әділ, қаншалықты әділетсіз екені... Бірақ мұның барлығы сендерді алаңдатпау керек. Сендердің тапсырмаларың - жеңу, күресу", - деді Назарбаев. Сонымен қатар, Президент бірнеше Олимпиада ойынына қонақ болып барып көргенін айтып өтті.
"Қаншама спортшы осы ойынға қатысқысы келеді, бірақ олардың барлығы бара алмайды. Бүкіл әлемнен 10 мың спортшы қатысу дегеніңіз өте аз. Сендер солардың қатарына кірдіңдер, мұның өзі жетістік қой. Спортшылар адамдарды жақындастырады. Спорт арқылы мемлекеттің мүмкіндіктерін көрсетуге болады. Біздің жеткен жеңістер Қазақстанның беделіне әсер етеді" - деді Президент.
"Сендер - біздің олимпиадалық отбасының толық құқылы мүшесісіңдер. Көпшілігі әлі жас, барлық жарыс алда. Сондықтан, меніңше, сіздерге бүкіл қазақстандықтың теледидар алдында тілектес болатынын есте сақтау керек", -деді Назарбаев.
Еліміздің туын Мемлекет басшысынан таэквондошы Руслан Жапаров қабылдады.
Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, қазақстандық тағы үш ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын. Яғни Мая Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова да жазғы ойындарға қатыспауы мүмкін. Кейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті. Ильин болса допинг қолданғанын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.