28 маусым 2017 | 15:39

Назарбаев су тасқынынан қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде су ресурстарын дамыту және ауылдық жерлердің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Астананы және өзге де өңірлерді су деңгейінің көтерілуі мен су тасқынынан қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін жобаларды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Судың көптігі су деңгейінің көтерілу қаупін тудырады. Бір жағынан, оны ұтымды, әсіресе ауыл шаруашылығында пайдалануға болады. Осыған орай әр елді мекенде шағын су қоймаларын салуды қамтамасыз ету қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентіне бөгеттердің қазіргі жағдайы және су деңгейінің көтерілуі мен су тасқыны болуы мүмкін өңірлерде жаңа су қоймаларын салу перспективалары жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Елбасы Астана маңындағы су қоймалары мен көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты.

"Кеңбидайық су қоймасы қалаға жақын орналасқан. Бұл жер елорда тұрғындары демалатын орындардың біріне айналуға тиіс. Онда жағажай жасап, демалыс орындарын салу керек", - деді Мемлекет басшысы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети