27 қыркүйек 2018 14:48

Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің жаңа басшысына тапсырмалар берді

© akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Сартаев Исатай Бақтиярұлын және директордың бірінші орынбасары Оразов Нұрлан Оразұлын таныстырды.

Реклама
Реклама

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Исатай Сартаев ант қабылдады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтарын белгілеп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Мұның алдында Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Сартаевтың "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram