24 ақпан 2015 | 21:22

Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің жаңа директорын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сыртқы барлау қызметінің гербі. ©Svr.kz Қазақстанның Сыртқы барлау қызметінің гербі. ©Svr.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің жаңа директорын тағайындады. Бұл туралы 24 ақпанда Мемлекет басшысының ресми сайты - Ақорда хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің жаңа директорын тағайындады. Бұл туралы 24 ақпанда Мемлекет басшысының ресми сайты - Ақорда хабарлады. 

"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын", - делінген Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұған дейін Ғабит Байжанов Қазақстанның Сыртқы барлау қызметінің директорының орынбасары қызметінде жұмыс істеді.  

Мұнымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Сыртқы барлау қызметінің директорының бірінші орынбасары тағайындалды - Сартаев Исатай Бахтиярұлы. Ол бұған дейін Сыртқы барлау қызметінің директорының орынбасары қызметінде болған. 

"Сырбар" қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы ақпанда құрылған болатын. Сол уақытта Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚК) "Барлау" қызметі тараған еді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети