Назарбаев Шымкентке, Түркістан және Жамбыл облыстарына барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Шымкентке, Түркістан және Жамбыл облыстарына барады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта қатысатын іс-шаралардың аңдатпасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта қатысатын іс-шаралардың аңдатпасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Биылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Президенті Душанбе қаласында өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Басқосуда тараптар Достастық мемлекеттері ықпалдастығының келешегіне қатысты ой-пікір алмасып, ұйым жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мәселесін қарастырады.

Мемлекет басшысының саммитте бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл және Түркістан облыстарына, Шымкент қаласына барады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети