Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Тәжікстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық деңгейде мойындалған саясаткер ретінде тәуелсіз Қазақстанның дамуына, сондай-ақ өңірдегі және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.
Эмомали Рахмон Тәжікстан халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қазақстан-Тәжікстан стратегиялық серіктестігін ілгерілетудегі тарихи рөлін жоғары бағалайтынын айтты.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.
Тараптар алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.
Кейінірек, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.
Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың достық пен сенімге негізделген бауырлас елдердің стратегиялық қарым-қатынастарын дамыту ісіндегі тарихи рөлін жоғары бағалады.
Ильхам Әлиев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасыға зор денсаулық тілеп, Қазақстанды өркендету жолындағы қызметінің табысты болуына ниеттестік білдірді.
Тараптар алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.