22 ақпанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 ақпанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, кездесу барысында Тәжікстан мен Қазақстанның екіжақты және көпжақты ықпалдастықтығының өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның атына 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін шақыруын табыс етті. Эмомали Рахмонның жұмыс кестесі Саммитке жеке қатысуға мүмкіндік беретіндігіне үміт білдірді.
Сонымен қатар, Нұрлан Сейтімов кездесу барысында Сироджиддин Асловты Қазақстандағы мемлекеттік билік арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Халыққа үндеу және "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдау мазмұнымен таныстырды.
Сұхбат соңында қазақстандық дипломат Сироджиддин Асловқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазақстан-тәжікстан қарым-қатынастарын стратегиялық әріптесік рухында нығайту ісіндегі жемісті ынтымақтастыққа дайындығын жеткізді.