Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Елбасының жұмыс сапары аясында көлік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік-мәдени саладағы бірқатар нысанды аралау жоспарланған.

Қазақстан Президенті әуежай мен әуе вокзалы ғимаратына барды. Мемлекет басшысы әуежай мен әуе вокзалы ғимараттарын қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Сондай-ақ, Елбасыға ұшу-қону жолағын жаңарту жұмысы, әуежайды және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндалды.
Осыдан кейін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауға маманданған кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне облыстың агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және қант қызылшасы өндірісін дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев қазір ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялауға деген көзқарастың өзгергенін атап өтті. "Менің шаруаларға айтып жүрген ой-пікірімнің барлығының негізгі түйіні - еңбек өнімділігін субсидиялау қажеттігі. Яғни, қаражат ең ақырғы өнім өндірісі үшін бөлінетін болады", - деді Мемлекет басшысы.