ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2019 | 11:58
Назарбаев Таразда болған төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таразда болған төтенше оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таразда болған төтенше оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен қаза болған адамдардың отбасыларына, туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Жарылыс болған жерде менің тапсырмаммен комиссия мүшелері құрылып, сол жерге жөнелтілді. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап, керекті көмек қолын созады. Бұл жағдайда қажетті адамдарды шақыртып, олардан үйдегі пештің жағдайы жайлы сұрау керек. Бұл іспен енді премьер-министр айналысуы керек пе? Бұл жағдайларға әрбір отбасы жауапты. Бұл қауіпті, газды ұқыпты қолдану керек", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде.
Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тапқан және 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ, сол үйдегі тұрғындардың көбі пәтерді жалдап тұрғаны айтылады.
Показать комментарии
Читайте также