27 ақпан 2019 11:58

Назарбаев Таразда болған төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таразда болған төтенше оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таразда болған төтенше оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен қаза болған адамдардың отбасыларына, туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Жарылыс болған жерде менің тапсырмаммен комиссия мүшелері құрылып, сол жерге жөнелтілді. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап, керекті көмек қолын созады. Бұл жағдайда қажетті адамдарды шақыртып, олардан үйдегі пештің жағдайы жайлы сұрау керек. Бұл іспен енді премьер-министр айналысуы керек пе? Бұл жағдайларға әрбір отбасы жауапты. Бұл қауіпті, газды ұқыпты қолдану керек", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде. 

Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тапқан және 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ, сол үйдегі тұрғындардың көбі пәтерді жалдап тұрғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети