Таразда көпқабатты үйде болған жарылыс: Қаза тапқандардың саны артты

27 Ақпан, 11:12
0
Таразда көпқабатты үйде болған жарылыс: Қаза тапқандардың саны артты -

Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған дейін екі адамның - әйел адам мен ер адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ, сол үйдегі тұрғындардың көбі пәтерді жалдап тұрғаны айтылады.

"Шамамен сағат 06.20-да 9-ықшамауданда жарылыс салдарынан зардап шеккендер жайлы мәлімет түсті. Барлығы алты адам зардап шекті, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Үш адам қалалық №1 және №2 ауруханаларға, сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Үш адамға көмек көрсетіліп, олар үйіне жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар,  зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында дәрігерлер мен психологтардың көмегі көрсетіліп жатқаны айтылады.

Осыған дейін төтенше жағдай туралы премьер-министр Асқар Мамин шұғыл түрде Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға болған жерге жөнелді.

Кейінірек жарылыс орнында түсірілген видеолар жарияланған болатын.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай