27 ақпан 2019 09:42

Мамин Назарбаевқа Тараздағы ТЖ жайлы баяндады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Президентінің тапсырмасымен Тараз қаласындағы төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


ҚР Президентінің тапсырмасымен Тараз қаласындағы төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ІІМ ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника саны жұмылды, үйдің барлық тұрғындары толық көшірілді. Үйінділер астынан 8 адам шығарылып, оның екеуі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі - орташа ауыр.

Тараз қаласындағы төтенше жағдай туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин шұғыл түрде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға болған жерге жөнелді.

Апат болған үйдің тұрғындары жақын маңдағы №47 мектепке жіберіліп, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеп жатыр. 

ҚР ІІМ ТЖК алдын ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети