ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 қыркүйек 2016 19:56
Назарбаев Тасмағамбетовты жаңа қызметке тағайындауының себебін айтты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иманғали Тасмағамбетовты жаңа қызметке тағайындауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
"Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов менің айтқан тапсырмаларымды жақсы орындады. Менің жарлығым бойынша премьер-министрдің орынбасары қызметіне келді. Ол осы қызметте де әділ болатынына және берілген тапсырмаларды толықтай орындайтынына сенемін. Иманғали Тасмағамбетовқа министрлікте атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын, тек сәттілік тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу