Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

13 Қыркүйек 2016, 15:20
0
Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды -

Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. 

2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметінде болды.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов биыл желтоқсан айында 60 жасқа толады. Оның үш баласы бар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай