Назарбаев Татарстан басшысын ІІ дәрежелі Достық орденімен марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Татарстан басшысын ІІ дәрежелі Достық орденімен марапаттады Рустам Минниханов. ©Gazetadaily.ru

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан басшысы Рустам Миннихановты ІІ дәрежелі Достық орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан басшысы Рустам Миннихановты ІІ дәрежелі Достық орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орденді 18 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Марат Тажин өзінің Татарстан Республикасына жасаған сапары барысында табыс етті. "Сапар аясында оның Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен және Мемлекеттік кеңес төрағасы Фарид Мухамедшинмен келіссөздері өтті. Қазан Кремлінде өткен Татарстан Президентімен кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері және Қазақстан мен Татарстан арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту болашағы талқыға салынды. Кездесу соңында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастар аясында Қазақстан мен Татарстан халықтары арасындағы бейбітшілік, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы зор еңбегі үшін елдің басшысына ІІ дәрежелі Достық орденін табыс етті", - делінген хабарламада.

Фарид Мухамедшинмен кездесу барысында тараптар екі елдің парламентаралық үнқатысуларының болашағы туралы, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Татарстан халықтары Ассамблеясының өзара ықпалдасуы туралы пікір алмасты. Қазан федералдық университетінің тарихи залында қазақстандық дипломат университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы алдында "ХХІ ғасырдың ғаламдық сындары аясындағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы" тақырыбында лекция оқыды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети