Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған монументті ашты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған монументті ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған монументті ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті салтанатты іс-шара барысында "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументінің бүкіл халық болып Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеп жатқан алғашқы күні ашылып отырғанын атап өтті.

"Биікке ұмсынған бұл ауқымды ескерткіш еліміздің ширек ғасырдағы бұрын-соңды болмаған шарықтау кезеңін және әлемнің ең озық отыз елінің қатарына қосылуға ұмтылысын айшықтайды. Оның 25 қыры - Тәуелсіз Қазақстанның заманауи тарихының әрбір жылының символдық бейнесі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы монументтің республикамыздағы басты сәулет рәміздерінің қатарынан айрықша орын алатынына сенім білдірді.

"Бұл монумент Қазақстан Республикасының бес жылдығы қарсаңында Алматы қаласында ашылған алғашқы Тәуелсіздік монументінің, елордамыздың символы болған Бәйтеректің, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында бой көтерген "Қазақ елі" мемориалдық кешені мен "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасының ортақ тарихи желісін жалғастыратын болады", - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті Астананың осынау жаңа көрнекті тұсы елорда тұрғындары мен қонақтары жиі келетін тағы бір көпшілік орынға айналатынын айтты.

"Бұл монумент миллиондаған меймандар келетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында орналасуымен де ерекшеленеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуы барысында елорда рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.

"Келешекте Астана тек біздерді ғана емес, сонымен қатар бүкіл Еуразия континентін таңғалдырып, ғылым мен мәдениеттің ордасына айналады. Халық қолайлы әрі жайлы қалада тұратын болады", - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі еліміз бен оның елордасына тартылған сый болғанын айтып, жоба идеясы авторларына, сәулетшілер мен құрылысшыларға нысанды табысты аяқтағаны үшін алғыс білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша отандастарымызды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, бақ-береке және бейбітшілік пен татулық тіледі.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған монументтің үздік сызба-идеясының жеңімпаздары анықталған болатын. Конкурстың қорытындысы бойынша, бірінші орынды алматылық Еділ Әлімбев жеңіп алған еді.

Идея авторының түсіндіруі бойынша, көкке ұмтылған стелланың 25 қыры бар. 25 қыр - Тәуелсіздіктің 25 жылын білдіреді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro