Назарбаев телефон арқылы Ердоғанмен болатын кездесулерді талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев телефон арқылы Ердоғанмен болатын кездесулерді талқылады © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар Түркияның бастамасымен биылғы 13 желтоқсанда Ыстанбұлда өткізу жоспарланып отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс саммиті жөнінде пікір алмасты", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Президенттер алдағы кездесулер кестесін, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети