Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйге оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады және екі елдің арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті.
"Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағанын еліміз жоғары бағалайды. Біз екіжақты серіктестікті екі мемлекет халықтарының игілігі жолында дамыта беруге әзірміз", - делінген жеделхатта.
Елбасы соңында Т.Мэйдің жаңа қызметінде табысты болуына, ал Біріккен Корольдік халқының өркендей беруіне тілектестігін білдірді.