Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтетін заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтетін заңға қол қойды © Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуді қарастыратын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуді қарастыратын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы тұру шараларын күшейтуге бағытталған "Қазақстан Республикасының экстремизм және терроризмге қарсы тұру мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  заңына қол қойды. Заң мәтіні басылып шығарылады.

Заң жобасын қабылдаудағы мақсат - терроризм және экстермизм, қару-жарақ айналымы мен миграциялық реттеу саласы бойынша іс жүзіндегі заңнаманы жетілдіру. 

Заң жобасын даярлаушылар атап өткендей, оны қабылдау мемлекеттік органдардың, экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ететін ұйымдар қызметінің нәтижелілігін артырады. Заңды қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді. 

Айта кетейік, заң жобасын талқылауға қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, мешіт пен шіркеу өкілдері қатысты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети