Назарбаев Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

17 Желтоқсан 2017, 19:12
14
Назарбаев Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты -

Қазақстан Президенті еліміздің даңқты спортшысы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев танымал футболшы әрі спорт қайраткері Тимур Сегізбаевтың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Жеделхатта Қазақстан футболын дамытуға және балалар мен жастар арасында спорттық өмір салтын насихаттау ісіне Тимур Сегізбаевтың сіңірген еңбегі айрықша атап өтілген.

"Ол жаттықтырушы әрі Қазақстан футбол қауымдастығы басшыларының бірі ретінде елімізде спорттың осы түрінің дамуына елеулі үлес қосты", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, кеше, 16 желтоқсанда қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаевтың дүниеден озғаны хабарланған болатын. 

Мемлекет басшысы Т.Сегізбаевтың есімі халық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (14)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай