Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер арнайы қызметтерінің басшыларымен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Әсет Мұқажановқа сілтеме жасап.

"5 қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшыларының және Қазақстан Президентінің кездесуі жоспарланған", - деп хабарлады ол ОҚК брифингінде.
Сонымен бірге, оның айтуынша, 6-7 қарашада Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің IV отырысы болады.