Назарбаев: Толеранттылық - мемлекет құрудың тірегі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Толеранттылық - мемлекет құрудың тірегі Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сіздерді Пасха мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн ­- діни наным-сеніміне қарамастан барша қазақстандықтар үшін маңызды әрі салтанатты мереке. Өйткені тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздегі ұлттардың басқа да діни мейрамдарын құрметпен атап өту игі дәстүрге айналды.

Біз мәдениетімізді байыту арқылы қоғамымызды адамгершілік пен рухани тұрғыдан нығайтамыз. Елімізде салтанат құрған татулық пен рухани келісім - бәріміздің баға жетпес байлығымыз.

Бүгінде қазақстандықтардың бейбітсүйгіштігі мен толеранттылығы мейірімділік, әділеттілік пен бірлік сияқты құндылықтарды құрметтейтін үйлесімді мемлекет құрудың тірегі болып отыр.

Осы жарқын мерекеде баршаңызға тыныштық, жақсылық пен бақ-береке тілеймін", - деді Назарбаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети