Төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жою кезінде Қазақстан мен Ресейдің шұғыл қызметтері мемлекеттік шекараны оңайлатылған тәртіппен кесіп өтетін болады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тиісті заңға қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының "1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңына қол қойды", - делінген ресми сайтта.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының азаматтық қорғаныс, өндірістік және өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік материалдық резервті жасақтау, төтенше жағдайларды ескерту және оның салдарын жоюға арналған заң жобаларын жетілдіруге бағытталған "Азаматтық қорғаныс туралы" заңға қол қойғаны хабарланған болатын.