Назарбаев Трампқа тезірек сауығып кетуін тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Трампқа тезірек сауығып кетуін тіледі © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамптың коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Сіздің және Бірінші ханым Мелания Трамптың коронавирус індетіне байланысты тапсырған тестінің оң нәтиже көрсеткені туралы хабарды өкініш сезімімен қабылдадым.

Өзіңізді күш-қуаты мол, жігерлі әрі сынақтарды үнемі жеңіл еңсеретін тұлға ретінде білемін. Осы дерттен тезірек сауығып, Америка халқының өркендеуіне бағытталған жауапты қызметіңізге оралуыңызды тілеймін.

Бүгінгі таңда біздің елдеріміз бен бүкіл халықаралық қоғамдастық күрделі кезеңді бастан өткеруде, жақын болашақта өзара қолдау мен түсіністік негізінде пандемияны жеңіп, еш кідіріссіз даму жолына қайта оралатынымызға кәміл сенемін.

Сізге және отбасыңызға осы науқастан жедел әрі толық жазылып шығуларыңызға тілектестігімді білдіремін.

Бұл жағдайды өз басымнан өткізген адам ретінде Сіздерді дәрігерлердің ақыл-кеңесін ұстанып, айтқанын орындауға шақырамын", - делінген жеделхатта.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети