Назарбаев Трамптың қай ісіне қол шапалақтауға болатынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен КХДР арасындағы келіссөзге оң бағасын беріп, осы бағытта жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен КХДР арасындағы келіссөзге оң бағасын беріп, осы бағытта жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұған дейін де Солтүстік Корея жайлы айтқанбыз. АҚШ президенті Дональд Трампқа қол шапалақтауға болады. Ол бизнесмен ретінде нақты іспен айналысып, пайдасын көргісі келеді. Солай жасады да, біз оған қол шапалақтаймыз. Шын мәнінде, кездесу өткізіп, келісімге келді. Не жайлы келіскенін нақты білмесек те, Солтүстік Корея бұл келісімнің орындалуын күтетін шығар. Құрама Штаттар мен бүкіл әлем әрі қарай не боларын күтіп отыр", - деді Назарбаев Astana Club отырысында. 

"Бұл келіссөзді жалғастырып, істі соңына дейін жеткізу керек. Осы келіссөзден кейін Солтүстік Корея зымыран ұшыруын тоқтатып, ядро қаруын сынақтан өткізуді қойды. Бұл барлғымыз үшін жақсы жаңалық", - деп атап өтті Елбасы. 

Президент көрші елдердің КХДР-ді аймақта ядро қаруын дамытуға жол бергені үшін сынаудың қажеті жоқ деп есептейді. 

"Неге ядро қаруына Үндістанда, Пәкістанда жол берілді? Неліктен Израиль ядро қаруына ие? Екіұшты көзқарас танытпайық. Бүкіл әлем, оның ішінде АҚШ та халықаралық келісім мен келісімшарттар болса да үндемей келді. Мұның барлығын қайта қарауымыз керек", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro