Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тұрақтылықты, халықтар арасындағы бірлікті сақтау керек екендігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тұрақтылықты, халықтар арасындағы бірлікті сақтау керек екендігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тұрақтылық болмай, тыныштық та, достастық та, бірлік те болмайды. Әрқашан біз мұны көреміз және сеземіз", - деді Назарбаев, Мәжіліс Парламенті Кәрім Мәсімовтың премьер-министрлікке кандидатурасын мақұлдағаннан кейін.
"Ливиядағы орын алған жағдайды қараңыздар. Бұл елде қазір түрлі қауым арасында соғыс жүруде. Мемлекетті жоқ десе де болады. Египетте бір ағым өкілдері мен екінші ағым өкілдері соғысып жатыр. Әр күн сайын бұл елде 50-60 адам мерт болды деп хабарлауда. Сирияда не болып жатыр? Азаматтық соғыстың аз ақ алдында тұр. Өйткені бұл елдерде бірлік жоқ, түсінушілік жоқ. Ал Украинада жаңа басшылар келіп: біз халықтың бір бөлігін азаматтықтан айырып, орыс тілінде сөйлеуге шектеу коямыз дейді. Біздің елде мұны елестете алмайсың. Бізде Қазақстанда барлығы жетеді, бізге құдай жер берген, ресурстарымызда жетерлік. Егер біз бірге болсақ, болашаққа сенімді қарай аламыз", - дейді Елбасы.
Сонымен қатар мемлекет басшысы тұрақтылық пен достықты сақтау тек Президенттің ғана тапсырмасы емес, әрбір қазақстандықтың міндеті екенін айта кетті.
"Біз Кеңес өкіметінің берекесіз құлауынан кейін, үлкен дағдарыстан өттік. 1992 жыл мен 1996 жыл аралығында біз тосырқап Қазақстанның болашағы бар ма, жоқ па? деген сұрақтарға жауап бердік. Бізге бұл қараңғылықтан, астаң-кестеңнен шыға алмайтындай көрінді. Бірақ сіздермен бірге бұл кезеңді де артта қалдырдық", - деді Назарбаев депутаттармен кездесу барысында. 1988 жылы Қазақстан оңтүстік-шығыс дағдарысына кіріп, кейін Ресей рублінің құлдырауына да тап болғандығын қоса кетті Елбасы.
"Мұның бәрі сынақ болды. Қанша өмір сүрсек - дәл сондай сынақтар болады. Нарықтық экономика пайдалы болуы мүмкін. Бірақ, бұл мемлекеттерге үлкен сынақ, экономикалық, қатал бақталастықты талап етеді. Мыңдаған компаниялар банкротқа ұшырап, жаңа компаниялар пайда болады. Міне, осылай өмір сүреміз. Бір тірлікті бітіріп қойсақ бәрі де біткен секілді болып көрінеді. Шынында олай емес. Әр жыл, әр ай өзінің жаңа талаптарын қояды. Мұның барлығын біз елдегі тұрақтылық пен келісім және түсінушіліктің арқасында шешіп жүрміз", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.